Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай мәлімдеме жасады

Редактор
22.09.2024, 16:37

Боксшылар жанкүйерлердің сұрағына жауап берді

ҰОК

Париждегі сәтсіздіктен кейін қазақ боксында өзгерістер көп. Бапкерлер штабы ауысты, кейбір боксшылар басқа салмақта жұдырықтасатын болды. Жанкүйерлер "Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай сияқты әлем чемпиондары енді не істейді?” деген қызығушылық танытуда. Оған боксшылар өздері жауап берді.

«Жаттығуды бастап кеттік. Түркістан облысында дайындалып жатырмыз.  29 қыркүйекте жарыс басталады. Көп демалыстан кейін бірінші сайысым болайын деп тұр. Украина құрамасы келді, Қырғыз командасы бар. Сонымен қатар Өзбекстан боксшылары шақырылады. Жарысқа дайынбыз», - дейді спортшы.

Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнир 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкент қаласында өтеді. 

Сәкен Бибосынов та қазір құрамамен бірге «Алматау» базасында жаттығып жатқанын айтты.

«Украинамен бірге дайындалып жатырмыз. Бұл Олимпиададан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиыным. Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнирге қатысамын. Бізге жанкүйер болыңыздар», - дейді Сәкен Бибосынов.

Екі боксшы да алдағы турнирде 51 келіде жұдырықтасады.