Шахмат Олимпиадасында Қазақстан қыздары күміс медаль жеңіп алды

Редактор
22.09.2024, 20:12

Алтын медаль Үндістан құрамасына кетті

Қазақстан шахмат федерациясы

Будапеште (Мажарстан) шахматтан ерлер және әйелдер арасындағы 45-ші Олимпиада ойындары аяқталды.

Бұл жолы біздің қыздар жақсы нәтиже көрсетті. Соңғы турға дейін жерлестеріміз үздік әйелдер командасына берілетін Вера Менчик кубогын жеңіп алуға үміткер болды. Тек Үндістан құрамасынан бір ұпайға қалып, күміс медальға қол жеткізді.

Соңғы турда Қазақстан АҚШ құрамасымен тең ойнады. Осылайша 11 турда 18 ұпай жинаған Қазақстанға екінші орын бұйырды. Алтын медаль Үндістан құрамасына кетті (19 ұпай).

Бұған дейін қыздарымыз 2022 жылы Үндістанда өткен Олимпиадада 5-орынға тұрақтаған болатын.

Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Амина Қайырбекова секілді жас теннисшілер ойнады.