Қазақстан балуаны допинг дауынан кейін Азия чемпионы атанды

Редактор
24.09.2024, 16:49

Ол финалда қырғыз балуанына есе жіберген еді

instagram.com/drs_kz

Күрес түрлерінен ересектер арасында 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған қазақстандық балуанға алтын медаль берілетін болды.

Өткен жылы грек-рим күресінен 82 келіде белдесіп, финалда қырғыз балуанына есе жіберген Диас Қален араға уақыт салып чемпион атанып отыр. Елордада жалауы желбіреген сары құрлық біріншілігінде топ жарған Қырғызстан өкілі Ақылбек Талғатбековтен алынған допинг тесті оң нәтиже берді. Енді оның жетістігі жоққа шығарылып, Бірікккен күрес әлемі ұйымы классикалық күрес бойынша қазақ балуанын чемпион деп таныды.

26 жастағы Диас Қален грек-рим күресінен ұлттық құрама мүшесі. Ол бұған дейін бірнеше турнирде жүлдеге қол жеткізіп, Қазақстан чемпионатында топ жарған.