1bol.kz «Спорт бойынша үздік БАҚ» деп танылды

Редактор
24.09.2024, 18:15

«Altyn Adam Sport Marketing» сыйлығының иегерлері анықталды

ALTYN ADAM

Бүгін «Altyn Adam Sport Marketing» сыйлығының арнайы номинацияларына ашық дауыс беру аяқталды. Жеңімпаздар арасында 1bol.kz спорттық сайты да бар.

Әрбір номинация бойынша үздіктер:

  • «Үздік спорттық ТВ» - QazSport;
  • «Үздік спорт журналисі» - Эльдар Аманбаев;
  • «Спорт бойынша үздік БАҚ» - Бірінші бол (1bol.kz)
  • «Жыл бренд-амбассадоры» - Кирилл Герасименко;
  • «Үздік спорттық You-Tube арнасы» - «Головой об лед»;
  • «Спорттағы жыл бренді» - QJ лигасы.

Дауыс беруге 20 мыңнан астам адам қатысқан.

Сондай-ақ негізгі номинациялар бойынша сараптамалық дауыс берудің соңғы кезеңі аяқталды. Дауыс беру нәтижелері осы жексенбіде 29 қыркүйекте «Altyn Adam Sport Marketing» сыйлығының марапаттау рәсімінде жарияланады.

Осы ретте 1bol.kz-ке дауыс берген әрбір жанашыр оқырманымызға алғыс білдіреміз.

Материалда: