Қазақстан жастар құрамасы бессайыстан әлем чемпионатында жүлде алды

Редактор
Бүгін, 11:42

Лев Чувашов пен Данил Богданов үздік үштікке енді

әлеуметтік желі

Литвада қазіргі бессайыстан өтіп жатқан U19 әлем чемпионатында еліміздің жастар құрамасының мүшелері жүлдегер атанды. Қазақстан командасының өкілдері Лев Чувашов пен Данил Богданов Литвада үздік үштікке еніп, қола медальға қол жеткізді.

Отандық спортшылар ерлер арасындағы эстафетада 1410 ұпай иеленіп, құрама қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Ал бұл сында1430 жинаған Мысыр спортшылары чемпион атанды. Ал күміс жүлдені Чехия құрамасы иеленді.

Материалда: