Қазақ ауыратлеті Едіге Егемберді жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Редактор
24.09.2024, 22:21

Бұған дейін Ерасыл Сәулебеков қола жүлде жеңіп алған

olympic.kz

Испанияның Леон қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Едіге Емберді жеңімпаз атанды.

89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақ ауыратлеті қос жаттығудың нәтижесінде 352 келіні (153+199) бағындырып отыр.

Бұл аталған чемпионаттағы Қазақстан құрамасына түскен екінші медаль. Бұған дейін 81 келіде өнер көрсеткен Ерасыл Сәулебеков жарыстың қола жүлдегері атанған болатын. Ол қос жаттығу нәтижесінде 344 кг (154+190) зілтемірді бағындырып, үздік үштікке енді.