Елдос Сметов Өскемендегі мешіттің ашылуына барды

Редактор
27.09.2024, 16:19

Дзюдошы заманауи стильде салынған мешітте мінәжат етті

Видеодан кадр

Париж олимпиадасының аяқталғанына бір жарым ай өтсе де, бұл аламанда үздіктер қатарынан көрінген қазақстандық спортшылар әлі де іс-шаралардан босамай жүр.

Айталық, Париждегі ойындарда чемпион атанған дзюдошы Елдос Сметов бұл жолы Өскемендегі мешіттің ашылу салтанатына қатысты. Сметов заманауи стильде салынған мешітке барып, мінәжат етті.

Сметов спорттық карьерасын жалғастыратынын алға тартқан, алайда жаттығу жұмыстарына 10 қыркүйекте кіріскен дзюдошылар қатарынан әлі көрінген жоқ.

Жалпы, қазақстандық спортшылардың маңызды аламандағы жеңісінен соң той-томалақ, іс-шараларда қонақ болудан босамай кететіні бар. Әрине, саңлақтарды сыйлап, оларға құрмет көрсету керек-ақ, дегенмен оның бәрі алдағы уақытта спортшының бабына енуіне кедергі келтіруі мүмкін екенін ұмытпаған жөн.