Қазақстанның 17 жастағы теннисшісі Сауд Арабиясында чемпион болды

Редактор
27.09.2024, 14:54

Үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі аяқталды 

ҰОК

Сауд Арабиясының Даммам қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender 2024 турнирі аяқталды. 

17 жастағы қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев алтын медаль жеңіп алды. Ол 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында топ жарды. 

Турнир барысында ол Сауд Арабия мен Үндістан спортшылары Муртадха Абу Абдулла, Абдулал Альхамис, Али Альтахер, Сарта Мишра, Джаш Моди, Анкур Бхаттачарджиді жеңді.