Түркістан Спорт басқармасы қызметкерлерінің атысқаны туралы ақпарат тарады

Редактор
29.09.2024, 18:29

Жараланғандар туралы әлі нақты ақпарат жоқ

Көрнекі фото: Pixabay

Түркістанда мемлекеттік қызметкерлер арасында атыс болғаны туралы ақпарат тарады. EGOV.PRESS телеграм-каналының жаузынша, қақтығыс қалалық Спорт басқармасы қызметкерлері арасында болған.

Оқиғаның видеосы да әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда жерде қимылсыз жатқан адамды және аңғаруға болады. Дегенмен, құзырлы органдар әлі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ. 

«Атыс Спорт басқармасы өкілдерінің қатысуымен болды деген мәлімет бар, дегенмен оны нақтылау керек. Қазақстан президенті бандитизмді тоқтату керек деп тапсырма берген, алайда іс жүзінде бәрі басқаша», - деп жазған EGOV.PRESS.

Еске салайық, бір ай бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада жүлдегерлерімен болған кездесуде өңірлердегі спорт басқармаларын сынға алған болатын. Мемлекет басшысы нәтиженің төмендігіне саладағы коррупция басты себеп екенін айтқан. 

Материалда: