Оны ереже бұзғаны үшін жазалаған
Қырғызстандық спортшы Айнуска Калил қызы Қазақстанда жүгіруден өткен халықаралық жарыста бірінші орыннан айрылып қалды.
29 қыркүйек күні өткен дәстүрлі Almaty marathon-да Калил кызы 21,1 шақырымдық межені 1 сағат 14 минут 27 секундта бағындырып, үздік шықты. Алайда, мәре сызығынан соң қырғызстандық спортшының есімі хаттамадан жоғалып кеткен.
Дереккөздер мәліметінше, Калил кызы велосипедшінің қолынан су алғаны үшін дисквалификацияланған. Себебі жарыс ережесі бойынша, су мен тамақты тек арнайы орындардан алу керек.
Әлеуметтік желіде қырғыз жанкүйерлері өз реніштерін жазып жатыр.