Қазақстан спортшысы ашық суда жүзуден әлемдік турнирдің жеңімпазы атанды

Редактор
08.12.2023, 13:53

Жарысқа 70 елдің спортшылары қатысқан

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан спортшы Пхукетте өткен ашық суда жүзуден өткен «Oceanman» халықаралық жарысында топ жарды. Алпамыс Әмір ел тарихында аталған турнирдің алғашқы жеңімпазы болып отыр.

Тайландта өткен әлемдік жарысқа 70 мемлекеттің спортшылары сынға түскен еді. Жиырма жылдан бері үздіксіз жалғасып келе жатқан халықаралық жарыста ел атынан Алмапыс Әмір сыға түсті. Ол 2 шақырымға созылған қашықтықты Іnspiration санаты бойынша жүзіп өтіп, мәреге бірінші болып жетті.

«Екі шақырымдық Inspiration санатында елордалық мектебіміздің спортшысы чемпион атанып отыр. Алпамыс Әмір бұл сынға сәуір айынан бастап тыңғылықты дайындалды. Еңбек пен төзімділік өз жемісін берді», - деді Интеллектуалды даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясының президенті Дина Темірғалиева.