Бірінші орын қытайлық спортшыға бұйырды
Мәнерлеп сырғанаудан Хорватияда өткен ISU Challenger санатындағы Golden Spin турнирінде қазақстандық Михаил Шайдоров күміс жүлдеге қол жеткізді.
Отандық атлет қос бағдарлама қорытындысы бойынша 235,29 ұпай жинап, екінші орынға ие болып отыр. Ал бұл сында әлем чемпионатының жүлдегері, қытайлық Цзинь Боян топ жарды. Оның қорытынды ұпайы - 258,67.
Ал қола жүлдеге эстониялық Александр Селевко 224,24 ұпаймен тұрақтады. Бұған дейін Михаил Шайдоров Гран-при турнирінде қола медальға қол жеткізген еді.