Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Алматыда дзюдодан Азия чемпионын пышақтап кеткен

Редактор
01.10.2024, 14:41

Алматыда бірнеше адам Дамир Исахановты өлтірмек болған

әлеуметтік желі

Алматы полициясы спортшы Дамир Исахановқа жасалған шабуылға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде шықты.

Таратылған хабарламада Алматыда бірнеше адам «дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Дамир Исахановты өлтірмек болған» делінген. Пышақ соққыларының бірі жүрегіне жақын тұсқа тиген. Спортшы аман қалды. Жәбірленуші тараптың өкілдері қылмыстық іс жеңілдеу баппен қозғалып, оны жабуға тырысып жатқанын айтады.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратқа түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, күдікті полицияға жеткізілді Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында», - делінген хабарламада.
 

Дамир Исаханов – Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионы, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысқан.

Жарнама
Жарнама

Материалда: