Финалда ол Ираннан келген Айназ Насириге есе жіберді
Таеквондодан Қазақстанның жасөспірімдер командасының өкілі Нұрай Қазнабек Чунчхонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.
Спортшы 59 келіге дейінгі салмақта екінші орыннан көрінді.
Финалда ол Ираннан келген Айназ Насириге есе жіберді. Ал үшінші орынды канадалық Элла Брюстер мен хорватиялық Мария Углегич өзара бөлісті.