«Мен үшін алтын адам»: Елдос Сметов әйеліне сезімін білдірді

Редактор
02.10.2024, 16:37

Дзюдошы қиын сәттегі отбасының қолдауы туралы айтып берді

Видеодан кадр

Елдос Сметов қандай жетістікке жетсе де, бұл бірінші кезекте отбасының арқасы екенін тілге тиек етті. Ол NUR.KZ-ке берген сұхбатында жан жарына деген сезімін ашық жеткізіп, оған алғысын айтты. 

«Кез келген сұхбатымда ең алдымен отбасымның қолдауы туралы, бұл жетістіктің бәрі ең алдымен отбасыма тиесілі екенін айтамын. Отбасым секілді маған ешкім қолдау білдіре алмайды. Олардың рөлі мен үшін өте маңызды. Олардың мен үшін алаңдайтыны, шынайы ықыласпен маған қолдау көрсететіні, тілекші болып отыратыны мен үшін өте маңызды. Барым да, нарым да – отбасым. Спорт жолы өте ауыр, сондықтан қиын сәттер көп болды. Бала-шағамды айлап көрмейтін кезде болды. Осы орайда ерекше алғыс айтқым келетін адам – ол менің әйелім, балаларымның анасы. Істеп жатқан әрекетіме әрқашан қолдау білдіріп, үйде жоқ кезде де маған тілекші болып, сабыр сақтағаны, күткені үшін алғысым шексіз. Ол кісі мен үшін алтын адам. Құрметтеймін, бағалаймын, қандай еркелігін де көтеремін, шын жақсы көремін», - деді Елдос Сметов.