Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында топ жарды

Редактор
05.10.2024, 15:17

Ол Denis Ten Memorial Challenge турнирінің чемпионы атанды

ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыда өткен Денис Тен мемориалында үздік шықты.

Қазақстандық қысқа бағдарламада 95.50 ұпай еншіледі, бұл оның карьерасындағы үздік баға. Ал еркін бағдарламада ол 166.83 ұпайға ие болды. Осылайша, Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы жарысында 262.33 ұпайға ие болып, жеңіспен бастады.

Екінші орын әзербайжандық Владимир Литвинцевке бұйырса (246.00), қола медальді грузиялық Ника Егадзе (242.43) еншіледі.

Михаил биыл жазда италиялық хореографпен биін жақсарту үшін жұмыс істеді. Бұл аламанда соның нәтижесі көрінді.
Шайдоров енді Гран-придің екі кезеңіне қатысады.