Тазабектің Сметовпен селфиі және Париждегі сәтсіздік туралы айтуға тыйым салынған

Редактор
06.10.2024, 14:43

Телеарнада Тазабековке қатысты белгілі бір шектеу қойылғаны белгілі болды

Видеодан кадр

Айтыскер ақын, 2022 жылғы «Асыл домбыра» иегері Айтбек Тұрсынбай қазіргі айтыста спорттағы сәтсіздіктерді айтуға тыйым салынғанын жеткізді.

«Мұхамеджан Тазабековтің Сметовтің медалін тағып, әлеуметтік желіде қыр көрсеткендей сурет таратылуы айтылмауы тиіс. Боксшылардың Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктері мен жаттықтырушыларды жұмыстан шығару айтыста қозғалмауы тиіс», - дейді Айтбек Тұрсынбай «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында.

Оның айтуынша, бұл «Хабар» арнасындағы телевизиялық «Асыл домбыра» айтысында қойылған шектеулер.

Материалда: