«Қарым-қатынас бөлек». Давид Дегтяров еліміздегі паралимпиадашыларға деген көзқарас туралы айтты

Редактор
08.10.2024, 10:47

Ол алғашқы алтынын Токиода, екіншісін Парижде жеңіп алды

ҰОК

Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев паралимпиадашылар мен олимпиадашылар арасындағы айырмашылық туралы айтты.

Давид Дегтярев – Паралимпиада ойындарында екі рет топ жарған тұңғыш қазақстандық. Естеріңізде болса, ол алғашқы алтынын Токиода, екіншісін Парижде жеңіп алды.

«Интернеттегі пікірлерді оқып отырсаң, адамдар бізге көбірек жанкүйерлік танытатынын байқауға болады. Дегенмен өмірде паралимпиадашы мен олимпиадашы арасындағы айырмашылық қатты байқалады. Бұл әдетте қарым-қатынас, резонанс жағынан көзге көрініп тұрады. Боксшы алтын алса бөлек те, паралимпиадашы чемпион атанса, мүлде бөлек. Негізі бәрі тең болуы қажет, қазір мемлекет теңестіріп қойды», - деді спортшы SportPlus-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, заң жобасына сәйкес Олимпиада және Паралимпиада чемпиондары бірдей сыйақы алады: алтын - 250 мың доллар, күміс - 150 мың доллар, қола – 75 мың доллар.
28 жастағы ақмолалық спортшы Давид Дегтярев парапауэрлифтингпен 2016 жылдан бері шұғылданады. Содан бері ол екі рет әлем чемпионатында, екі рет Паралимпиадада үздік шықты.