Таразда той жасаған Елдос Сметов тағы да биімен таңқалдырды

Редактор
09.10.2024, 10:13

Дзюдошы Таразда дүркіретіп той жасады

Видеодан кадр

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Таразда дүркіретіп той жасап, алтын медальдің құрметіне дастархан жайды. Аталған басқосуға спортшының жақын достары мен туған-туыстары жиналып, Сметов бапкерімен кезекті рет ерекше биімен көзге түсті.

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада мейрамханаға жиналған қонақтардың көптігін байқауға болады. Олардың ішінде дзюдодан ұлттық құраманың мүшелері мен өзге де спортшылар бар.

Той ортасында асаба Сметовті бұған дейін билеген ерекше биін қайталауды сұраған. Сол сәтте оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев екеуі ортаға шығып, биімен елдің көңілін көтерді. Париж Олимпиасынан кейін елге оралған Елдос Сметов Таразда "Шүкір той" деген атаумен жақындарының басын қосқан еді. Сол жерде ол жеке бапкерімен билеп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген-тұғын.

Айта кететін жайт, Елдос Сметов дзюдодан Қазақстан спортшылары арасында Олимпиада чемпионы атанған алғашқы атлет. Сондай-ақ, ол бұл көрсеткіш бойынша Орталық Азия елдері бойынша да тұңғыш спортшы болып саналады.

Отандасымыз 60 келіде Рио, Токио Олимпиадаларында да күміс және қола жүлде иеленген. Сонымен бірге, әлем және Азия чемпионы. Азия Ойындарының жеңімпазы. Гран Слэм, Гран При турнирлерінде бірнеше дүркін топ жарған белгілі дзюдошы.

Материалда: