Бапкер екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев өзінің отбасына қатысты құпиясын бөлісті.
Белгілі дзюдо маманы өзінің шәкіртімен отбасын құрып, бүгінде бірнеше бала тәрбиелеп отыр. Өзбек ұлтының өкілін алған Ғалымжан Жылгелдиев кезінде әйелін дзюдо мен самбо бойынша жаттықтырған көрінеді. Бұл туралы ол Айбек Мұхановқа берген сұхбатында айтты.
«Әйелім өзбек ұлтынан. Аты-жөні – Шахида Аминова. Екі ұл, бір қызым бар. Кезінде жаттықтырушы болғанымда менде самбо және дзюдо күресімен айналысты. Өзімнің шәкірттім болды», - деді Ғалымжан Жылгелдиев.
Естеріңізге сала кетейік, Ғалымжан Жылгелдиев дзюдодан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол Олимпиада ойындарының алтын, күміс, қола жүлдесін иеленген Елдос Сметовті ұзақ жылдардан бері жаттықтырып келеді.