Енді Беларусь өкілі Арина Соболенкомен жолығады
Уханьдағы WTA 1000 санатындағы теннис турнирінің екінші айналымында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемнің 18-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичпен кездесті.
Кездесу үш сетке созылды. Бірінші кезеңде қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түссе, екінші сетте қарсыласы қарымта қайтарды (3:6).
Ал шешуші кезеңде Путинцева ширақтық танытып, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің екінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен жолығады. Ол бүгін чехиялық Катержина Синякованың осал тұсын тапты.
Путинцева кеше рейтингте 250-ші орында тұрған қытайлық Чжан Шуайды жеңген.