Азиадада жүлде алған спортшылар қанша сыйақы алады?

Редактор
08.10.2023, 21:56

Олардың бапкерлеріне де ақы тағайындалған

Фото ашық дереккөзден

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында жүлде алған Қазақстан спортшыларының қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

Бірінші орын алған спортшы – 10 000 доллар, екінші орын – 5000 және үшінші орын – 3000 доллар алады. Ал, бапкерлеріне 5000, 3000 және 2000 доллардан беріледі.

Сондай-ақ, командалық жарыстарда орын алған спортшыларға жеке жүлде қоры қарастырылған.

Айта кетейік, Қазақстан спортшылары Азия ойындарында 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 11-орынға жайғасты.

Материалда: