Қазақстан жазғы Азия ойындарын сәтсіз аяқтады
Ханчжоуда (Қытай) өткен жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты елдегі спорт шенеуніктері жауапқа тартылуы тиіс деп есептейді саясаттанушы Оразғали Селтеев.
Айта кетейік, аталған жарыста Қазақстан 10 алтын медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 11-сатыға жайғасты. Бұл ел тарихындағы ең төменгі көрсеткіш. Сондықтан, бұл салаға жауапты шенеуніктерден жауап алынуы керек дейді ол.
«Спортты ретке келтіретін уақыт болды. Біреулер үшін бұл сала майшелпекке айналған. Елдегі спорттық менеджментті және басқару әдістерін өзгерту керек», - деп жазды Селтеев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның сөзінше, спорттық көрсеткіш – кез келген елдің әлеуметтік дамуының көрінісі.