Көзі 70 пайызға көрмей, ота жасатқан балуан әлем чемпионатына барады

Редактор
13.10.2024, 19:33

Әлем чемпионаты 28-31 қазан аралығында өтеді

ҰОК

Албания астанасы Тирана қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Мұнда Олимпиада бағдарламасына енбеген салмақтар бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Грек-рим күресінен құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко төрт балуанға сенім артады:

Ихсар Курбаев (55 келі)

Ержет Жарлықасын (63 келі)

Мейіржан Шермахамбетов (72 келі)

Евгений Поливадов (82 келі)

Әлем чемпионаты 28-31 қазан аралығында өтеді.

Айта кетейік,балуандардың арасында Мейіржан Шермаханбет 2022 жылы Үндістанның Дели қаласында ота жасатқан еді. Оған командамен баскетбол ойнап жүргенде көзіне байқаусызда басқа ойыншының қолы кіріп кеткен. Осының салдарынан, спортшының көзінің көруі нашарлаған. 

Тіпті, 70 пайызға дейін көрмей қалған. Отаның арқасында жағдайы қазір қалыпқа келген.

Мейіржан Шермаханбет 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионы.

Тіпті, 70 пайызға дейін көрмей қалған. Отаның арқасында жағдайы қазір қалыпқа келген.

Мейіржан Шермаханбет 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионы, 2023 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.