Депутатты жалған сөйледі деп айыптап отыр
Қазақстанның букмекерлер қауымдастығы Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Руслан Берденовты сотқа берді.
Бұған дейін аталған депутат Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына тыйым салу мәселесін көтеріп, бұл бастама Ойын бизнесі туралы заң ішіне енді.
«Жауапкер Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты («Respublica» саяси партиясы фракциясының мүшесі) бола тұра, ойын бизнесін ұйымдастырушылардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді таратуға бірнеше рет жол берді. Ол таратқан ақпараттар ойын бизнесі және спорттық бәс тігу саласындағы реттеуді қатаңдататын заң жобаларының негізінде пайдаланылды», - делінген букмекерлік кеңселердің Берденовке қарсы Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына берген талап арызында.
Сала өкілдері атап өткендей, ар-намысты қорлайтын ақпаратты тарату жауапкердің депутаттық қызметі аясында көпшілік алдында сөйлеген сөзінде де, әлеуметтік желілер мен ақпараттық ресурстар арқылы да таратылған.
Букмекерлер қауымдастығы Берденовтің мына айтқаны шындыққа жанаспай, компаниялардың абырой-беделіне нұқсан келтірдірді, деп санайды: