Жарақат пен суық тиіп қалмаса, ешқандай кедергі жоқ – Шавкат Рахмоновтың бапкері

Редактор
21.10.2024, 10:18

Бапкер Шавкаттың өте жақсы формада жүргенін атап өтті

allboxing.ru

Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың бапкері және DAR Team командасының өкілі Эдуард Базров SPORT+ басылымына берген сұхбатында шәкіртінің маңызды жекпе-жекке дайындығы мен жаттығулары туралы айтып берді.

«Шавкат өте жақсы формада. Ол тұрақты түрде жаттығып жүр, біз күніне екі рет дайындаламыз. Төрт жылдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Мен оның күресі, физикалық дайындығы және қалпына келуі үшін жауаптымын. Бұл жағынан ешқандай мәселе жоқ. Біздің бағытқа айтылып жатқан сөздердің барлығын бұрын да естігенбіз. Бізді қорқытып, бізге қарсы шығып, бізді жеңетіндерін айтқан. Бірақ соңында бәрі де өкінішті жағдайда қалып жатты.

Ең бастысы — ешқандай жарақат, суық тиіп қалмаса, біз өз жұмысымызды орындаймыз. Содан кейін ол Майамиға, өз ісінің хас шебері Генри Хуфттың Kill Cliff залына ұшып кетеді. Сондай-ақ, ол жерде бізбен 25 жыл бойы дос болып келе жатқан жаттықтырушы Саид Сапаров та болады. Олар өз істерін жасайды. Біз мұнда жұмысымызды аяқтаймыз, ал олар сонда толықтырады. Біз ең жақсы формада боламыз. Біздің алдымызда үлкен мақсаттар тұр, және бізге айтылып жатқан сөздерге мән бермейміз, олар бізді еш алаңдатпайды. Біз тек мақсатымызды айқындап, кедергілерді байқамаймыз, түсінесіз бе?» — деді Базров Қарағандыдағы Naiza кешінде.

Айта кетейік, аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) 7 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада көптен күткен кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы – жартылай орта салмақта UFC чемпионы американдық Белал Мухаммад (24-3).