Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әлемді мойындатсам да, әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын – Елдос Сметов

Редактор
21.10.2024, 11:38

Спортшы «Мамасының баласы» деп айыптайтындарға жауап берді

әлеуметтік желі

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов демалыста Қарағандыға барды. Аралас жекпе-жектен NAIZA турнирінің құрметті қонағы болды. Сондай-ақ Арқадағы белгілі спортшылар чемпионды кезек-кезек күтіп, қонақ қылды.

Арасында ат мінгізіп, шапан жапқандары бар. Желіде Елдос Сметовтің сол отырыстардың бірінде анасы, әйелдер туралы айтқаны желіде тарап кетті.

«Балаң жақсы болса жердің үсті жақсы» дейді. Жердің үстінің жақсы болуын сезіндіретін ұрпақтарыңыз көп болсын. Ұлттық құрамаға алғаш келген кезде 18 жаста болатынмын. Қайрат Нұртастың «Ауырмайды жүрек» әні хит болып тұрған сәт. Жаттығуда күнде ыңылдап сол әнді айтып жүремін. Қасымдағы ағаларым айта бермеші дейтін. Ерекең (Ержан Шынкеев – ред) көрсе басқа ән білмейсің деп ұрысатын. Шамалы күннен кейін өздері де айтатын болды. Сондай қызықты сәттер көп», - дейді Елдос Сметов.

Спортшы осы ретте «Мамасының баласы» деп айыптайтындарға жауап берді.

«Қазаққа мәлім деген ер азаматтардың артында әйелдер тұрады. Батыры болсын, ғалымы болсын солай. Анасының дұғасының арқасында жетістікке жетеді. Кім не десін о десін анам үшін соңына дейін баратын адаммын. Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын. Қанша жерден әлемді мойындатып, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпион болсам да, анамнан асып кете алмаймын. Анамды құрметтегеннен жаман болған кезім жоқ», - дейді спортшы.

Біздің серіктес: FONBET

Жарнама
Жарнама