Қазақстан жасөспірімдері Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиадада бақ сынайды

Редактор
12.12.2023, 11:07

Жарысқа барлығы 70 елден 1800 спортшығы қатысады

Фото ашық дереккөзден

Еліміздің жас спортшылары 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады.

Қазіргі уақытта аталған ойындарға қатысатын спорттық делегацияның сапалы құрамын қалыптастыру, ұйымдастыру комитетінің талаптарына сәйкес спорттық жүктеменің тізбесін пысықтау, делегация мүшелерін жабдықтау кестесін бекіту, спортшылардың дайындық барысы мен ту ұстаушыларды бекіту және тағы басқа маңызды мәселелер қаралып жатыр.

Канвондодағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынында әзірге спорттың 5 түрінен (биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, керлинг, шайбалы хоккей) 17 жолдама бар. Ал, жалпы Олимпиадаға жер-жаһанның 70 елінен 1 800 (950 ұл, 950 қыз) спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Ал бұл сында спорттың 7 түрінен 15 дисциплина бойынша 81 медаль сарапқа салынады.

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты 2024 жылдың 19 қаңтарында Каннындағы «Gangneuung Oval» спорт кешенінде өтсе, Ойындардың жабылу салтанаты 2024 жылдың 1 ақпанында «Gangneung Olympic Park» спорт кешенінде ұйымдастырылады деп жоспарланған.