Грек-рим күресінен қазақ балуандары әлем чемпионатында белдеседі

Редактор
28.10.2024, 09:49

Грек-рим күресі балуандары бозкілемге шығады

ҰОК

Бүгін Албанияда ересектер арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады. Олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өтетін турнирде бірінші болып грек-рим күресі балуандары бозкілемге шығады.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Қазақстан балуаны Ихсар Құрбаев алғашқы белдесуін Молдова балуанына қарсы өткізеді. 55 келіде сынға түсетін отандасымыз жеңіске жеткен жағдайда Ресей/Украина балуандары жұбының жеңімпазымен күреседі.

63 келіде Ержет Жарылқасын турнирді екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы Албания/Қырғызстан балуандары арасында жеңімпаз болмақ.

72 келіде Мейіржан Шермаханбет бірінші белдесуде Армания балуанымен өзара мықтыны анықтайды. Екінші айналымға өтсе, Франция өкілімен ширек финал жолдамасы үшін белдеседі.

82 келіде Евгений Поливадов іріктеу кезеңінде Финляндия өкілімен шеберлік байқасады.

Бұған дейін аталған біріншілікте белдесетін еліміздің еркінк күрес балуандарының қарсыластары анықталған болатын. Тиранада өтетін сында олимпиалық емес салмақ дәрежесінде еліміздің белгілі балуандары Нұрқожа Қайпанов пен Жәмила Бақбергенова өнер көрсетеді.

Айта кететін жайт, Тиранада кеше күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан бұл сынға күрес түрлері бойынша толық құрамда барды. Ал еліміздің 30 балуанының арасында тек еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұқан ғана жүлде иеленіп, әлем чемпионы атанды.

Материалда: