Биыл тамыз айында ол Хорватиядағы турнирде жеңіске жеткен
Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Исмаилияда өтіп жатқан (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде «алтын» еншіледі.
Ол 13 жас категориясында үздік деп танылды. 11 жастағы спортшы қыз жеті матч өткізіп, оның бәрінде жеңімпаз атанды.
Айта кетелік, биыл тамыз айында ол Хорватиядағы турнирде жеңіске жеткен.