Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Асу Алмабаевтан жеңілген файтер UFC-ден шығарылды

Редактор
30.10.2024, 09:22

Негізі Николау өз дивизионының рейтингінде 10-орында тұрған

vesti.kz

UFC бірқатар спортшыны құрамынан шығарып тастады, оның ішінде жақында ғана Асу Алмабаевтан жеңілген бразилиялық Матеус Николау бар. 

MMA Fighting мәліметінше, қатардан шығарылғандар тізімінде жеті спортшы болса, оның ішінде ауыр салмақ өкілі Робелис Деспанье (5-2) мен аса жеңіл салмақта өнер көрсететін Матеус Николау (19-5-1) да бар.

Негізі Николау өз дивизионының рейтингінде 10-орында тұрған. Осылайша, Матеус екінші рет UFC-ден кетіп отыр. Бұған дейін ол 2019 жылы шығарылып, 2021 жылы 2:0 көрсеткішінен соң қатарға оралған.

Ал бұл жолы ол соңғы үш айқасында Брэндон Ройвалға, Алекс Перес пен Асу Алмабаевқа жол берді.

Естеріңізде болса, Алмабаев — Николау жекпе-жегі 20 қазан күні Лас-Вегастағы UFC Fight Night 245 турнирі аясында өтті. Кездесу үш раундқа есептеліп, төрешілердің ортақ шешімімен Асу жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама