Келесі жылы туризм мен спортқа 141 млрд теңге бөлінді

Редактор
30.10.2024, 14:40

Алдағы 2 жылға бөлінетін бюджет туралы заң қаралды

Үкімет

Бүгін Мәжіліс «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қабылдады.

Төменгі палатаға Үкімет басшысы Олжас Бектенов министрлер кабинетін ертіп, өзі келді. Депутаттар 2025-2027 жылдары шығыс көлемін 4 трлн теңгеден астам сомаға арттыруды, оның ішінде 2025 жылға 2 трлн теңгеге ұлғайтуды ұсынды.

Соның ішінде туризм мен спортқа 2025 жылы 141 миллиард теңге бөлінді.

Мәжіліс депутаттары Үкімет таныстырған заңды талқылап болғаннан кейін, құжатты дауысқа салды. Нәтижесінде отырысқа қатысқан 93 депутаттың 82-сі жақтап, 11-і қалыс қалды.