«Есіңізге салып өтейін». Жансая Әбдімәлік шахмат федерациясының басшылығына шүйлікті

Редактор
31.10.2024, 15:21

Жансая Әбдімәлік 2021 жылы Гибралтардағы өзінің жеңісі туралы жазды

Анастасия Королькова/ФИДЕ

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік өзінің Instagram-дағы парақшасында «Бибісара Асаубаеваның екінші орнынан бөлек қазақстандық шахматшы қыздар ФИДЕ-нің Гран-при кезеңінде жеңіске жетпеген» деген Гүлмира Дәулетованың сұхбатынан үзінді жариялады.

Қазақстан шахмат қауымдастығының атқарушы директоры әйелдер арасында Шымкентте өтіп жатқан Гран-придің екінші кезеңінде отандық шахматшылардың жетістіктері жайлы пікір білдірген.
Әбдімәлік оған жауап ретінде 2021 жылы Гибралтардағы өзінің жеңісі туралы жазды.

«Күле отырыңыздар. Қазақстандағы сүйікті қалаларымның бірінде (Шымкент) әйелдер арасында FIDE Гран-при кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Елімізде шахматтың дамып және осындай турнирлер ұйымдастырылып жатқаны қуантады. Бірақ жазба бұл туралы емес. Бүгін бір видеоны көзім шалып қалды. Онда Шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетоваға «қазақстандық спортшылар арасында Гран-при кезеңін жеңгендер бар ма?» деген сұрақ қойылды. Ал Гүлмира «мұндай нәтиже болған емес» деп жауап қатты... Есіңізге салып өтейін», - деген Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желіде үш жыл бұрынғы видеоны жариялады.