Аралас жекпе-жек шебері аяғына операция жасағанын айтты
Жартылай орта салмақ чемпионы британиялық Белал Мухаммад қазақстандық Шавкат Рахмоновпен 7 желтоқсанда өтуі тиіс айқастан неліктен бас тартқанын түсіндірді.
Аралас жекпе-жек шебері аяғына операция жасағанын айтты.
«Аяғымның сүйегіне инфекция жұқтырып алдым. Антибиотиктер салу үшін аяғыма операция жасауға тура келді. Алдағы алты апта бойы физикалық белсенділік танытуға тыйым салды. Алланың жоспары - үздік жоспар. Жоспарларыңызды бұзғаным үшін кешірім сұраймын. Жақында ораламын, Иншалла», - деп жазды ол.
Енді UFC Шавкат Рахмоновқа басқа қарсылас іздеп жатыр.