Хасан Қасымбаев ұрлап кеткен спортшының анасы мәлімдеме жасады

Редактор
06.11.2024, 23:12

Спортшының анасы: Олар қорлайды, пышақтайды, өлтіреді

Видеодан кадр

ММА шебері Арман Әлімовтің анасы талғарлық «Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың ұрып-жығуға қаншалықты қатысы барын айтып берді.

«Олар сот залында татуласып, шартты түрде жаза тағайындалды, залдан шыққан соң солардың арасынан біреуі Арман Әлімов «Хутор» бандасына қарсы қойғаны туралы айтты», - деді Әлімовтің анасы.

Сонан соң Қасымбаев оның баласының ізіне түсіп алған көрінеді. Әлімовті әңгімелесуге де шақырған, алайда ол бас тартып, дыбыстық хабарлама жіберген.

«Ұлым: «Мен не үшін барамын? Сіздерге керек болса, сіздер келіңіздер. Хасанға да, басқа жаққа да бармаймын. Мен үшін ол ешкім емес. Білмеймін де, білгім де келмейді», - деді. Сол хабарламаны танысына жіберіп, сол күйі Хасанның өзіне жіберуін тапсырды. Олар Хасанға сол хабарламаны жіберген. Бұл Хасанның намысына тигені анық», - деді спортшының анасы.

Сонан соң күдікті спортшыны ұрлау мақсатында іздеген.

«Олар осыдан соң белсенділік танытып, күзетуді әдетке айналдырды. Олардың тәсілі сондай, ұрлап кетіп, сонан соң ұрады, қорлайды, пышақтайды, өлтіреді. Ол мұның бәрін өз қолымен жасамайды, бұл оның қолшоқпарларының міндеті. Нәтижесінде сол тапсырысты қабылдап, сонан соң оларды шақыртты», - деп түсіндірді Әлімовтің анасы. 

Оның айтуынша, мұның бәрі видеобайланыс арқылы болған. 

«Мұның бәрі видеобайланыс арқылы жүзеге асты, Хасан «маған көрсетіңдер» деп айтты. Ол «қазір келемін» деді. Келді, тапсырысты алған соң, осы жетер деп көлігіне мініп кетіп қалды», - деп түйіндеді Әлімовтің анасы.