Қазақстандық балуан 53 ұпай жинаған
Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында ең көп ұпай жинаған балуандар арасында үздік үштікке енді.
Тиранада 28-31 қазан күндері күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен сында топ жарған қазақстандық балуан 53 ұпай жинаған еді.
79 келіде белдесіп, әлем чемпионы атанған Автандил Кенчадзе (Грузия) 60 ұпай жинап, бұл тізімде көш бастады. Ал Жапония балуаны Масаноскэ Оно (61 кг) 55 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Қайпанов алғашқы үштікті түйіндеді. Сондай-ақ, 92 келіде чемпион атанған Абдулрашид Садулаев 31 ұпаймен 12-ші орынға жайғасты.
Албания астанасында өткен біріншілікте Нұрқожа Қайпанов бірінші белдесуінде Израиль балуанын 9:0, екінші айналымда Молдова өкілінен 14:2, ширек финалда грузин балуанынан 12:2, жартылай финалда тәжік спортшысын 13:2 нәтижесімен ұтты. Ал финалда Жапония балуанынан 5:3 басым түсіп, әлем чемпионы атанды.
Атап өтетін жайт, Қайпанов ел тарихында еркін әлем чемпионы атанған екінші балуан. Алматыға табан тіреген балуанға еліміздің күрес федерациясының бұрынғы президенті Ерлан Қожасбай қымбат көлік сыйлаған болатын.