Парижде жүлде алған қырғыз балуаны неміс клубына жеңіс сыйлады

Редактор
10.11.2024, 11:28

Белгілі спортшы болгариялық балуанды жеңді

Видеодан кадр

Грек-рим күресінен қырғыздың танымал балуаны Ақжол Махмудов немістің Бундеслигасында "Шорндорф" командасына жеңіс сыйлады.

Германияда классикалық күрес лигасында "Урлоффен" командасымен жолыққан "Шорндорф" клубы легионер ретінде Қырғызстан спортшысының жаңа маусымда қатарына қосқан болатын. Белгілі спортшы болгариялық Айк Мнацаканянмен белдесуде 7:5 нәтижесімен жеңіске жетті.

Ақжол Махмудов Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, әлем чемпионатының екі мәрте жеңімпазы, Азия ойындары мен чемпионатында жеңіске жеткен. Ол осыдан үш ай бұрын Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен қола медаль иеленді. Махмудов іріктеу бәсекесінде қазақстандық Демеу Жадыраевқа есе жіберді. Кейін отандасымыз финалға шыққан соң қырғыз балуаны жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды.

Айта кететін жайт, Ақжол Махмудов Олимпиададан кейін көп ұзамай жаттығуға кірісіп, кейін неміс бундеслигасында өнер көрсетуге аттанды.