Жәмила Бақбергенова нәрестенің кіндік шешесі атанған
Әйелдер күресінен Азия чемпионы Мәдина Бақбергенова кішкентайлы болды. Бұл туралы оның сыңары Жәмила Бақбергенова көпшіліктен сүйінші сұрады. Осылайша Жәмила дүниеге жаңа келген нәрестенің кіндік шешесі атанғанын жеткізді.
Белгілі спортшы Мәдина Бақбергенованың күйеуі Нұрсұлтан Теміров еліміздің еңбек сіңірген бапкері, 2022 жылдың қорытындысы бойынша үздік бапкер атанған.
Ал Мәдина Бақбергенова сол жылы Азия чемпионы атанып, финалда Олимпиада ойындарының жүлдегерін ұтқан болатын. Сонымен бірге, сол жылы Түркияда өткен Ислам ойындарында күміс жүлде иеленді.
Мәдинаның сыңары Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен еліміздің ең танымал балуаны. Ол әлем чемпионаттарында ең көп жүлде алған спортшы. Бақбергенова 2021 жылдан бері әлем чемпионаттарында 4 мәрте жүлде алып, оның үшеуінде күміспен күптелді.