БАЙҚАУ. «Бірінші бол» подкастының қонағы болу мүмкіндігіне ие болыңыз

Редактор
12.11.2024, 14:56

Әрбір азамат біздің студияға келіп, ойын еркін жеткізе алады

коллаж: 1bol.kz

Құрметті оқырман, «Бірінші бол» YouTube-каналының көрермендері! Міне, бір жылдан астам уақыттан бері біз осы алаңда ел спортындағы маңызды проблемалар туралы айтып, жетістіктердің де жаршысы болып келеміз. Осы уақыт аралығында біздің студияда әлемге танымал даңқты спортшылар, өнер жұлдыздары, спорт саласындағы шенеуніктер және қазақ спортына жанашыр тұлғалар қонақта болды.

Енді дәл осындай мүмкіндікке біздің кез келген оқырман ие бола алады. Яғни, «Бірінші болдың» студиясына келіп, тұрақты резиденттеріміз Олжас Байбосын, Ермұхамед Мәулен және Уәлихан Қосанбаймен подкаст қонағы болып, спорт туралы кез келген тақырыпта еркін сұхбат жүргізе аласыз.

Ол үшін не істеу керек?

Серіктесіміздің ұйымдастырған ұтысына қатысып, акцияның қарапайым шарттарын орындау қажет. Ол үшін осы сілтемеге өтсеңіз жеткілікті.