Депутат футбол федерациясына қазаққа жаны ашитын адам тағайындауды сұрады
Жигули Дайрабаев Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа қолдау білдіріп, өтінішін де айтып үлгерді. Сондай-ақ ол хоккейшілеріміздің ұятқа қалдырғанын атап өтті.
«Сіз бұл салаға жаңадан келіп жатырсыз. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін. Бұл сала оңай тірлік емес. Заң жобасын қолдаймыз. Футбол, баскетбол, хоккей ойындары көңілімізді көншітпейді. Хоккейден КХЛ-де ұятқа қалып жатырмыз. Легионерлердің бәрін жинап алдық. Соларға мемлекеттің ақшасын шашуды доғару керек. Сізге, әрине, мұның бәрі қиындау болады. Депутаттардың ішінде менен қолдау аласыз, қолдаймын. Екінші мәселе, жақында Футбол федерациясының басшысы ауысты. Сол жерге басшы ретінде жаны, тілі қазақ азаматты қойыңыздаршы! Өтініш!»,- дейді депутат.