Қысқа бағдарламада үшінші орын иеленді
Қазақстандық Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Эстониядағы Tallinn Trophy турнирінде аралық үшінші орынды иеленді.
Қысқа бағдарламадағы көрсеткен өнері үшін 53,98 ұпай жинап, үшінші орынға орнықты. Бірінші орында – Бельгиядан келген Нина Пинзаррон (65,43 ұпай), екінші орында – канадалық Сара-Мод Дюпуа (55,04 ұпай).
Айта кетейік, 13 қарашада қатысушылар еркін бағдарламада өнер көрсетеді.