Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ресейден келген легионер балуан ел кубогында топ жарды

Редактор
13.11.2024, 20:06

Ол ел чемпионатына әлі қатысқан жоқ

wsport-shatoy

Өткен жылдың соңында Қазақстан азаматтығын алған ресейлік балуан Тараз қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан кубогында чемпион атанды.

Грек-рим күресінің балуаны Шамиль Ожаев 87 келіде барлық қарсыласын қапы қалдырып, ел ішінде жарыста алғаш рет биіктен көрінді.

Ел кубогында 87 келіге дейін салмақта күрескен Шамиль Ожаев финалда Илимдор Сатаевтан басым түсті. Айта кету керек, бұл салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов биыл Париж Олимпиадасында белдескен болатын.

87 келіде Ресей чемпионы атанған балуан басқа ірі жарыстарда жүлде алған. Мәселен, 23 жасқа дейінгі жастар арасында Еуропа чемпионы атанып, әлем біріншілігінде қола жүлде иеленген. Сондай-ақ, әскерилер арасында әлем чемпионы.

Айта кететін жайт, Шамиль Ожаев ақпан айында ел чемпионатына қатысатын болғанымен, белгісіз себеппен белдесуге шықпай қалған еді.

Жарнама
Жарнама