Финалдың жеңімпазы голден скорда анықталды
Дзюдодан Ақтөбеде өтіп жатқан ел чемпионатының басты сенсацияларының бірі – 60 келі салмақтың финалы десек қателесе қоймаспыз. Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанған салмақта расымен де кіл мықтылар жиналған. Олардың бірі Нұрқанат Серікбаев жарысты бірінші белдесуден аяқтаса, Мағжан Шамшадин финалға дейін жетіп, ақтық сында жеңілді.
Мағжанды финалда жеңген және осы салмақта чемпион атанған қостанайлық Нұрәділ Әлжанның жеңісі әрине, кездейсоқтық емес. Ол дәл осы чемпионатқа ерекше дайындалғанын және финалда Шамшадинді қиындықсыз жеңетініне сенімді болыпты.
«Ел біріншілілігіне көп уақыт дайындалдым. Жалпы жарыс барысында өзімді еркін сезіндім. Ал финалда Мағжан Шамшадинді жеңетініме сенімді болдым. Енді алда әлемдік турнирлерге қатысып, еліміздің туын көкте желбіретіп, ән ұранымызды шырқату – басты мақсатым»,- деді ол 1bol.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Нұрәділ мен Мағжанның белдесуі негізгі уақытта тең аяқталып, голден скорда Мағжан иппон әдісімен жеңіске жетті.
Ал, Ақтөбедегі ел чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасатын болады.