«Көзім көрмейді». Ресейде ойыннан соң бапкерге шабуыл жасалды

Редактор
18.11.2024, 18:09

Вадим Евсеевті белгісіз біреулер тоқтатып, темекі сұраған

championat.com

17 қараша күні Ресейдің Екінші лигасының 18-турында «Волгарь» – «Ленинградец» клубтары кездесіп, ойыннан соң Вадим Евсеевке шабуыл жасалды. Бапкерден бөлек оның көмекшісі де зардап шеккен.

Кездесу тең есеппен аяқталды, оның өзінде голдар соңғы минуттарда соғылды. Ойын соңында «Ленинград» футболшысы гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Нәтижесінде Евсеев командасы үшінші орынға шығып, Бірінші лигаға өтуге мүмкіндік алды. Ал «Волгарь» жеңгенде, үшінші орын осы клубқа бұйыратын.

Матчтан соң әріптестерімен бірге үйіне кетіп бара жатқан Евсеевті белгісіз біреулер тоқтатып, темекі сұраған. Бапкер шекпейтінін айтқанда, оның бетіне бұрыш баллонын шашып жіберген. Шабуылдаған адамды бапкердің көмекшісі Александр Шмарко мен клубтың тағы бір қызметкері ұстамақ болғанда, біріншісінің бетін пышақпен жарақаттаған.

Телеграм-арналар бірнеше адам шабуылдаған деп ақпарат таратуда. Полиция олардың барлығын қолға түсірген. Евсеев пен Шмарконы ауруханаға жедел жәрдем алып кеткен.

«Жағдайым жаман, ауруханадан шығарды. Көзім әзірге көрмейді. Санкт-Петербургке ұшуға дайындалып жатырмыз», - деді бапкердің өзі.

Материалда: