Дзюдошы алдағы жоспарлары туралы айтып берді
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ағылшын тілін үйрену үшін Ұлыбританияның Лондон қаласына оқуға кететінін мәлімдеді.
Елдос Сметов Жапонияның даңқты дзюдошысы Наохиса Такатомен достығы туралы айта келіп, екеуінің бір-бірін түсінуіне ағылшын тілі деңгейінің төмендігі кедергі келтіретінін жасырмады. Сондықтан да спортшы ағылшын тілін меңгеруді мақсат етіп отыр.
«Такатомен алдағы уақытта емін-еркін сөйлесеміз деп ойлаймын. Өйткені, мен қазір ағылшын тілін қолға алып жатырмын. Құдай қаласа, келесі жылдың басында Лондонға 4 айға оқуға барамын. Арнайы ағылшын тілін үйрену үшін кетіп бара жатырмын. Сондай-ақ Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) ағылшынша сұхбат беремін», – деді спортшы «Ақтөбе» телеарнасына берген сұхбатында.