Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік Гран-приден екінші орын алды

24.11.2024, 01:33

Жарысқа 15 елден 60 спортшы қатысуда

olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров күміс жүлдеге ие болды.

Отандасымыз кеше қысқа бағдарламада 93,21 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтаған. Сол басымдығын екінші күні де ұстап қала алды. Бүгін еркін сайыста Шайдоров 182.96 ұпай алып, күміс медальға қол жеткізді. 

Еске сала кетейік, былтыр Шайдоров осы жарыстың қола жүлдегері атанған.

Ерлер арасында Шун Сато (Жапония) 278.48 ұпаймен жеңіске жетті. Үздік үштікті француз Адам Сяо Хим Фа түйіндеді. Биыл турнирге барлығы 15 елден 60 спортшы қатысып жатыр.