Ризабек Айтмұқанның Қазақстандағы басты қарсыласы әлем чемпионы атанды

Редактор
24.11.2024, 15:09

Ол биыл жастар арасында әлемнің қола жүлдегері атанған болатын

Қазақстан күрес түрлері федерациясы

Ереванда (Армения) әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Камиль Куруглиев 97 келіде белдесіп, чемпион болды.

Әскерилер арасында 37-ші рет өткен сында ақтаулық балуан Үндістан мен Моңғолиядан келген спортшыларды қапы қалдырды. Ал финалдық сында ол Ираннан келген қарсыласын айқын жеңді.

Айта кететін жайт, Камиль Куруглиев биыл ақпан айында ел чемпионатында 97 келіде қола жүлдегер атанды. Ол бұл салмақтағы басты фавориттер Әлішер Ерғали мен Ризабек Айтмұқанның басты қарсыласы саналады.

Спортшы қыркүйек айының басында Испанияда 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында 92 келіде белдесіп, қола жүлдегер атанған еді.