Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Демеу Жадыраев бастаған балуандарға Ақтөбе кәсіпкерлері қаржылай сыйақы берді

Редактор
02.12.2024, 10:39

Нұрқожа Қайпановқа 1 үйір жылқы сыйға берілген

instagram.com/zhamila.bakbergenova

Биыл Олимпиада мен әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен қазақ балуандарына Ақтөбеде сыйлық берілді.

Еркін күрес бойынша белгілі бапкер Бауыржан Нұрмахановтың зейнет жасына толуына орай өткен жарыс кезінде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев, әлем чемпиондары Нұрқожа Қайпанов, Ризабек Айтмұқан, күміс жүлдегер Жәмила Бақбергеноваға 1 млн теңгеден табысталды.

Бұл туралы Жәмила Бақбергенова мәлімдеді. Оның сөзінше, өңірде өткен мерейтойлық шара кезінде балуандар сыйлыққа кеңелген.

«Ақтөбе қаласының спорт жанашырлары және жанкүйерлерімен кездестік. Жергілікті азаматтар қаржылай сыйақы беріп, ат мінгізді, телефон тарту етті. Қолдау көрсеткен ағаларымызға алғыс білдіремін», - деді Жәмила Бақбергенова.

Өңір бойынша жарыста 17 жастағы балуандар сынға түскен. Сонымен бірге, мұнда еркін күрестен елімізге белгілі күрес мамандары да бас қосқан. Аталмыш шара кезінде Нұрқожа Қайпановқа 1 үйір жылқы сыйға берілген еді.

Жарнама
Жарнама