Өзбекстан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарын өткізуден бас тартты

03.12.2024, 14:05

Үміткерлер қатарында Қазақстан жоқ

Olympic.uz

2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары Өзбекстанда өтпейтін болды. Бұған басты себеп – Ташкенттегі Олимпиада қалашығының құрылысы белгіленген уақытта толық аяқталмауы.

Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті Азия Олимпиада комитетіне (АОК) 2025 жылдың қыркүйек айында өтетін Азия ойындарын өткізуден бас тартатыны туралы ресми хат жолдады. 

АОК кеңесі 2 желтоқсанда онлайн кездесуде Өзбекстанның бұл шешімін растап, барлық инвестиция үшін Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетіне алғысын білдірді.

Осылайша, 2025 жылғы III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары Бахрейнде өтетін болып бекітілді.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары алғаш рет 2009 жылы Сингапурда, ал 2013 жылы Қытайда өткізілген болатын.