Жамбылда жаттықтырушы мен спорт мектебінің басшылары жалған дипломмен жұмыс істеген

Редактор
03.12.2024, 15:25

Бұл туралы Антикордың Жамбыл облыстық департаменті мәлім етті 

gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті спорт және әлеуметтік салалардағы жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізген. Тексеріс барысында 48 адамның жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды.

Аталған дипломдар ведомстволық деректер базасында және мұрағаттарда тіркелмеген, сондай-ақ дипломдарда мөрдің, ректордың аты-жөні сәйкес келмегенін анықтады. 

Жалған дипломы бар азаматтар жаттықтырушыдан бастап директор орынбасарына дейінгі лауазымдарда қызмет атқарып келген. Оларға бюджеттен 349 млн теңгеден астам жалақы түріндегі қаражат төленген.